ШАРДАРА: БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

0
88

ҚР Үкіметінің 208 қаулысымен “2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы” бекітіліп, облыста 2030 жылға дейін тауарлы балық көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.Осыған сәйкес, “Ауыл-ел аманаты” бағдарламасы аясында өткен жылы ауданда “Әлібай” Шаруа қожалығы несие қаржы алып, жасанды көл қазып балық шаруашылығын қолға алған.

Тарқатып айтсақ, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ІV бағыт «Балық шаруашылығын дамыту» бойынша жеңілдетілген несие қаржы алуға 14 жоба қызығушылық танытып, «Ырыс» МҚҰ-ның несие комитетінен жалпы құны: 71,950 млн теңгені құрайтын 10 жоба (3-еуі Көксу ауыл округінен) мақұлданып қаржыландырылды. Оның ішінде 8-і тоғанда балық өсіру, 2-еуі көлдер мен көлге торлы шарбақ орнату бойынша.
Ауданда балық шаруашылығын дамыту мақсатында Шардара су қоймасында балық қорын көбейту бойынша 4 учаске (№1 учаске «Нуралы» ЖШС, №2 учаске «VITA» ЖШС, №3 учаске «Шардара-балық» ЖШС, №4 учаске ЖК «Серманизов және К») балық аулау лимиттеріне сәйкес, тиісті жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ ауданда қазіргі таңға балық өнімдерін өндіретін 5 зауыт («Хамит» АӨК, «Шардара балық-1», «Саодат» ЖШС,«Байтерек ББМ» ЖШС, ЖК «Жалғасбаев») жұмыс жасауда. Оларда 2023 жылдың есепті мерзімінде 4925,0 тонна балық өнімдері өндіріліп, алыс және жақын шет мемлекеттерге экспортқа шығарылуда.
Ауданда 2024 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны-41 бірлік, оның ішінде 10 шаруашылық жаңадан ашылып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ІV-ші бағытқа сәйкес іске асырылуда.

Leave a reply