ШАРУАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

0
129

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларына түсіндірме жасау жөнінде семинар-кеңес өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізіп отырды.
Семнар-кеңеске Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Равиль Тюлебаев, агросаланың ғалым-мамандары, аудандық аумақтық инспекцияның басшылары мен салаға жауапты мамандар және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Басқосуда Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Нұрман Бигелов Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3-шілдедегі Заңының (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізгі нормаларын түсіндірсе, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заң талаптары жөнінде облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы Құралбай Байдалиев баяндады. Сондай-ақ аудан аумағындағы фитосанитариялық ахуал, аса қауіпті зиянкестер мен аурулардың алдын алу бойынша Созақ аудандық филиалының фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы Мұхтар Қуандықов хабарлады.
Кеңесте аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша бірқатар ұтымды ұсыныстарды ортаға салып, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Равиль Тюлебаев жиынды қорытындылады. Шаруалар сала мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, өз пікірлерін білдірді.

Leave a reply