Шағын және орта бизнесте ілгерілеу бар

0
95

2022 жылы жоспар бойынша 48 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба 2022 жылы іске қосу жоспарланған болатын. Олар «Баянды Құрылыс» ЖШС – 28 жұмыс орны;«EuroBlock Production» – 20 жұмыс орны;»Оспан» ЖК –6 жұмыс орны; Қазіргі таңға, «Баянды Құрылыс» ЖШС мен «Оспан» ЖК  құрылысын аяқтап  қосу іске қосылып жалпы саны 37 жаңа жұмыс орындарын ашқан. «EuroBlock Production» жобасы құрылыстарын аяқтап, тапсыру актісіні рәсімдеуде жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2022 жылы индустриалды аймаққа 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алды және «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына»  ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Олар:«Ali Construction Group»ЖШС – 890 млн.тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.«TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.«Гүлзада»ЖК – 100 млн.тг., 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.

Шағын және орта бизнес 

 2022 жылдың 9 айында  шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 16052 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 15701 немесе 97,8 пайызды құраған. Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау,  бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар  жүргізілуде.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022  жылдың 1 қазан айына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 18 жобаны 200 млн теңгеге  қаржыландырылды. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 1 бағыты аясында 7 жоба субсидияланып, 52 жоба кепілдендірілген. Сонымен қатар, бағдарлама аясында Түркістан қаласынан қайтарымсыз грант алуға 35 азамат өз жобаларын қорғап нәтижесінде 6 адамның жобасы қаралымда.
Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер арқылы (Форте банк) арқылы 6 заңды тұлға 18 жеке кәсіпкер өз кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жеңілдетілген пайызбен 1млрд 400 млн теңге көлемінде несие алып 89 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Алдағы уақытта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ырыс» МҚҰ-ның Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілу жоспарланып отыр.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде  Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш біріңғай ақпараттық жүйесіне тамыз-қыркүйек айларында  33  (азық-түлік бағасының қымбаттағаны туралы) арыз-шағымдары тіркеліп қала әкімнің атынан «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шығып қаулы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  ERSOP  базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізілген болатын алайда сауда құқық қорғау органы тарапынан 33 арыз шағымның 30-на рұқсатын беріп ERSOP базасына тіркелген. Ал, тіркелген 30 арыз шағымға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204,4 тармағының 1 тармақшасына сәйкес сауда орындарының басшылығына ескерту түріндегі шара көрілді. Алдағы уақытта ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар өз жалғасын табады.

Leave a reply