Шағын және орта бизнес көбейіп келеді

0
109

Түркістан қаласында үдемелi индустриалды-инновациялық даму жөнінен 2022 жылдың ІІ тоқсандығы бойынша индустриалды аймақтың қатысушылары 1,01 млрд теңгеге өнім өндіріп, 110 млн теңгеге салық төледі. Нәтижесінде биыл индустриалды аймаққа құны 3 млрд теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысына қол жеткізді.  Нақтырақ айтсақ, олар: «Ali Construction Group»ЖШС – 890 млн теңге, 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау, «TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 млн теңге, 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау, «Гүлзада»ЖК – 100 млн теңге, 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау және «Бозарық АБЗ»ЖШС – 1500 млн теңге, 100 жұмыс орны, асфальтты бетон сұйығын жасау жобалары. Осы аталған жобалар көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек. Биыл құны 810 млн теңге және 54 жұмыс орнын құрайтын 3 жобаны («Баянды Құрылыс» ЖШС – 593 млн.тг., 28 жұмыс орны; «Оспан» ЖК – 100 млн.тг., 6 жұмыс орны «EuroBlock Production» – 113,8 млн.тг., 20 жұмыс орны) іске қосу жоспарланған болатын.  Аталған кәсіпорындар ішінен «Баянды Құрылыс» ЖШС-ы іске қосылып 31 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қалған екі кәсіпорын тамыз айында іске қосылады деп жоспарлануда.  «Шағын және орта бизнеске келсек, 2022 жылдың қаңтар-шілде айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 14500 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 14155 немесе 97,6 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (11352) 1,2 есеге артты. Жұмыспен қамтылған адам саны 29628, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (29128) 1,0 есеге артып отыр. Өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 127,8 млрд теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (97,2) 1,3 есеге артты, бюджетке төленген салық көлемі 11,6 млрд тенгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,853 млн теңгені құрап 1,4 есеге артты», – дейді Талғат Қыдырбаев.

Leave a reply