Шымкенттегі қоғамдық орындарға 30 Wi-Fi құрылғысы орнатылды


Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған болатын. Осыған орай он қоғамдық орынға отыз тегін Wi-Fi нүктелері орнатылып, іске қосылды. Қазір қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – екі, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – төрт, Назарбеков-Бәйдібек би көшелерінің қиылысы Нұрсат аллеясы – екі, «Қызғалтақ» субұрқағы — екі, Арбат – төрт, Нұрсат номері жүз отызыншы мектеп артындағы аллея – екі, Наурыз алаңы – төрт, Жерұйық саябағы – төрт, Шәмші аллеясы – екі, Дендросаябақ – төрт Wi-Fi нүктелері орнатылып қойылды, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Wi-Fi құрылғыларына қосылу үшін “Aimaq Wi-Fi”-ды таңдаймыз және әрі қарай “Aimaq Wi-Fi” веб-парақшасына өтеміз. Веб-парақшада өз нөміріңізді тіркейсіз және нөміріңізге түскен смс-кодты енгізесіз.Дәл осы қадамдарды дұрыс орындасаңыз тегін Wi-Fi нүктесіне оңай қосыла аласыз.