Шымкентте ауылшаруашылық өнімінің экспорт көлемі 39 млн $ құрады
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету – басты назарда. Шымкент қаласының әкімі бұл бағытта екі бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені және екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау сметалық құжаттары жасақталып жатыр.
«Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге көп басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны жиырма төрт млрд. теңгені құрайтын отыз екі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Есепті кезеңде он екі бүтін сегіз млрд. теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі отыз тоғыз млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен он пайыз артық» – деді қала басшысы Мұрат Әйтенов.