Thursday, November 21

Шымкентте биыл өнеркәсіп өнімінің көлемі 295 млрд теңгені құрады

0
153

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі биыл қаңтар-мамыр айларында 295 млрд. теңгені (2020 ж. 5 айы – 241,1 млрд.тг.) құрап, 53,9 млрд. теңгеге (10,1 пайызға) артты. Ал өңдеу өнеркәсібінде 251,0 млрд. теңгенің (2020 ж. 5 айы – 201,0 млрд. тг.) өнімі өндіріліп, өсім 10,0 пайызға жоғарылады. Жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қаладағы салалық басқармалар (ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірге) – әлеуетті сатып алушылардың қатысуымен «AZALA Textile» ЖШС-нда кәсіпорынның өнімдерімен таныстыру іс-шарасы өткізілді. Сондай-ақ, Көрме орталығында 24-25 маусым күндері «Шымкент өнімдері» атты жәрмеңке өтеді. Онда тұтынушыларға жергілікті өндірістерде шығарылатын тауарлар таныстырылады. Сонымен қатар, тауар өндірушілері туралы 250-ден астам «Шымкент өнімдері» каталогы шығарылады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Спикердің сөзінше, қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша қала экономикасына 96,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,7 % жоғарылаған, деп хабарлайды Infonews  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Leave a reply