ШЫМКЕНТТЕ БІР ТӘУЛІКТЕ 8 473 АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 8473 адам вакцина қабылдаған. Екпенің I компонентін – 4731, II компонент – 3742 адам салдырған.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 325 354 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 198 008 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған. Сонымен қатар, 13 шілде күні КВИ-дің 342 жағдайы тіркелген. Науқастардың 254 белгілері бар болса, 88 адамда белгілері болмаған. 78 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 264 адам үй бақылауына алынды.
Қалада 303 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, 23 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталған. Карантин талабын сақтамағандарға әкімшілік хаттамалар толтырылған. Мамандар қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін ескертіп, тұрғындарға қоғамдық орында бетперде режимін сақтау ескертілді. Сондай-ақ, ертерек екпе алуға шақырды.
Айта кетейік, Шымкент қаласының аумағында коронавирустың таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу міндеттелді.