Шымкентте жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша жоғалған азаматтың өлімі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталмаған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізілуде.
Естеріңізде болса Бәйдібек Ақмырзаұлынан біраздан бері бері хабар-ошар жоқ. Соңғы рет Шымкент қаласында әуежайдан досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған, деген ақпарат тараған болатын.
Жас жігіт 2025 жылдың 14-қаңтарында Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған. 15:22-де «Қатын көпір» аялдамасы мыңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен уатсап желісі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан.
Музыкалық колледжде білім алып, әскери борышын да бір жыл бұрын өтеп келген.