Шымкентте жылына жоғары кернеулі 120 трансформатор шығарылады

0
139

Шымкент қаласында орналасқан трансформатор зауыты – Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Зауыт Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылған, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күнде электротехникалық компанияның құрамында электроэнергетика, электромашина құрылысы және құрылыс саласын жүргізетін 30-дан аса кәсіпорындар мен зауыттары бар.

Кәсіпорын кернеуі 110 кВ-дан 500 кВ-ға дейінгі автотрансформаторлар және күшті май трансформаторлар, сонымен қатар реакторлар өнімін шығарады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 12 мың МВА-дан жоғары және 120 трансформатор шығаруға қауқарлы.

Сондай-ақ, кәсіпорын отандық құрылыс материалдарын пайдаланады, тек зауыт ішіндегі арнайы қондырғылар ғана Украина және т.б. елдерден келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын өндірілген өнімдерін ішкі нарыққа ғана емес, Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстанға, Қырғызстанға, Иранға, Ауғанстанға экспортталады.

Айта кетейік кәсіпорын 500-ден астам қала тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Leave a reply