ШЫМКЕНТТЕ КОВИДТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАР ВАКЦИНА АЛМАҒАН
Шымкентте эпидемидемиялогиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп келеді. Қалада жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 240 адам адам қайтыс болдыдеп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік қауіпті инфекция жұқтырып көз жұмғандардың ешқайсысы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.
“Өткен тәуліктің өзінде ковидке шалдыққан 412 науқас анықталған. Қазір инфекциялық стационарда 1774 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 166 науқас жан сақтау бөлімінде жатса, 64-нің жағдайы ауыр халде”-дейді Б.Позилов.
Қазір қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған үш мыңға жуық төсек-орын бар. Эпидемиялогиялық жағдай өршуіне байланысты инфекциялық төсек орындар саны күннен-күнге саны көбейтілуде. Жалпы жыл басынан бері ковид жұқтырған 13 109 науқас тіркелген.
Бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.