Шымкентте коронавирусқа қарсы екпе салдырғандардың қатары артуда

0
113

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 47 жағдай тіркелді. Оның 34 симптоммен, он үш симптомсыз. Оның ішінде 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияда 328 адам (КВИ – 189, пневмония – 139) ем қабылдап жатыр. Басқарманың мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жасалуда. Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта сегіз жүз жиырма алты төсек-орын бар.

Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада 5891 адам вакцина алды
(I компонент-3643, II компонент-2248). Егу науқаны басталғалы барлығы 239 524 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 141 328 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.

Leave a reply