Шымкентте кітапханашылар марапатталды

0
172
Шымкентте зағип жандарға арналған арнайы кітапхананың оқырмандарына қызмет етіп келе жатқанына біраз жыл болды. Ал зағип жандардың білім нәрімен сусындайтын жалғыз орын- сол арнаулы кітапхана ғана. Себебі, жарық дүниенің дидарын көре алмаса да көкірек көздері ашық зағип жандар аз емес. Олардың да оқығысы, білгісі келетіні заңдылық.
Ал сондай жандарға қызмет етіп, қажетті кітаптармен қамтамасыз етіп жүрген кітапханашылардың да еңбектері елеулі.
Атап айтар болсақ, қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың бөлім меңгерушілері Ғалия Ақтаева Назиля Тұяқбаева және директордың орынбасары Ұлбике Тұранбаевалардың еңбектеріне оқырмандары дән риза. Көпшіліктің көңілінен шығып жүрген кітапханшылар жақында «Қазақстандық Кітапханалық Одағы» атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
Арнайы кітапханада оқу залы, абонемент, құжаттарды жинақтау, өндеу және каталогтар ұйымдастыру, ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету, тифлобөлім, «Сөйлейтін кітаптар» мен «Брайль кітаптарын» шығару бөлімдері және автоматтандыру секторы үздіксіз қызмет жасайды. Бүгінде арнайы кітапхана заман талабына сай құрылғылармен жаңартылуда.
Айта кетейік Кітапхана 1969 жылы 12 ақпандағы №29 «Соқырларға арналған арнайы кітапханаларды ашу туралы» бұйрығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылдың 22 шілдесіндегі №215 шешімі негізінде құрылып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде қызмет етіп келеді

Leave a reply