Шымкентте көпбалалы ана суицид жасамақ болған
Полицейлер өз-өзіне қол салмақ болмақ ананы құтқарды деп хабарлайды turkystan.kz.
Сол күні 109 нөміріне тоғызыншы қабат шатырында бір әйел тұрғаны туралы хабарлама түскен. Ол үйден шығып кеткелі бері іздеуде жүрген жергілікті тұрғын екені анықталған. Жоғалғанына бірнеше күн болған.
Тәртіп сақшылары әйелді ұстап алып, шатырдың шетінен қауіпсіз аумаққа алып шыққан. Өз өмірін қиюға бел буған ол есінен танып, кейін айқайлап, полицияға қарсылық көрсетеді.
Бұл шарасыз қадамға себеп болған жайт әйелдің күйеуімен жанжалдасып қалғаны екен. Үй отағасы бұған қатысты полиция бөлімшесіне түсініктеме берген.