Thursday, November 21

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 322 бірлік квота бөлінді

0
145

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында еңбек ету үшін жұмыс берушіге рұқсат етілген 278 шетел азаматы тіркелген. Биылғы жылдың 1-маусымында жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 бірлік квота бөлінді. Бөлінген квота негізінде қаладағы 33 кәсіпорын мен ұйымдарда 278 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен еңбек қызметін жүзеге асыруда.

Шетелдіктерге қала аумағында жұмыс істеуге рұқсат беру және жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің 4 түрлі санаты белгіленеді. Атап айтқанда, бірінші санат – 6 адам басшылар және олардың орынбасарлары, екінші санат – 19 адам құрылымдық бөлімшелердің басшылары, үшінші санат – 242-адам мамандар, төртінші санатқа – 10 адам білікті жұмысшылар жатады. Үшінші және төртінші санаттағы тартылған шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі.

Сондай-ақ, салықты жұмыс берушілер шетел жұмыс күшін тартқан үшін төлейді. Әр санат үшін өзінің бекітілген коэффициенті болады. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 36,0 млн. теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

Айта кетейік, аталған кәсіпорындарда жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 12 312, Қазақстандық қамту пайызы 97,8 пайыз. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі – 96,4 пайыз.

Leave a reply