Шымкентте шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сенбі демалыс күндері шомылу маусымы кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара шомылуға тыйым салынған “Қайнар бұлақ көлі”, Азат каналы бойында және жазғы демалыс орындарында өткізілді. Төтенше жағдайлар мамандары рейдтік аралау жұмыстары барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жаднамалар таратты.
Сондай-ақ Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, жедел – құтқару жасағының құтқарушылары және «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара «Игілік» тұрғын алабында Бадам өзенінің бойында өткізілді. Тұрғындарға “шомылу маусымындағы” судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаднамалар таратылып, ережелер түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстары Әл-Фараби ауданда да жалғасты. Іс-шараға аудандық полиция, № 3 және 5 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Аудан аумағында орналасқан демалыс аумақтарында және шомылуға арналмаған орындарда, шомылу маусымы және өрт қауіпті кезеңіндегі қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.