Saturday, November 23

Шымкентте қайтарымсыз берілетін мемлекеттік гранттарға өтінімдер қабылдануда

0
138

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қоғамдық қабылдауға өтініш білдірген тұрғындарды онлайн қабылдады, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындардың басым көпшілігі жеке кәсібін ашу мен қайтарымсыз берілетін гранттарды алу бойынша кеңес алып, бизнестеріндегі кедергілерді жеткізді.

Айта кетсек, 7 мамыр күні «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталған болатын. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде көрсетілген құжаттарды үлгіге сәйкес толтырып, ұсынуы қажет. Қабылдау барысында кәсіпкерлік басқармасы тарапынан жүзеге асып жатқан іс-шаралар туралы баяндалып өтті.

Құжаттарды 7 маусым сағат 10:00-ден бастап, 18 маусым күні 13:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Ерімбетов көшесі, «Заңғар» бизнес орталығында орналасқан «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесіне өткізе алады.
Қосымша ақпараттар үшін көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуға болады 8 (7252) 24-75-12, +7 (777) 527-50-69.

Leave a reply