Шымкентте «Ұлтаралық қатынастағы медиация» тақырыбында семинар-тренинг өтті

0
114

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен медиация институтын дамыту мақсатында «Ұлтаралық қатынастағы медиация» тақырыбында онлайн форматта семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинарды халықаралық медиация институтының директоры, халықаралық тренер-медиатор, кәсіби медиатор-практик Жанар Жолдасбайқызы жүргізді. Жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен кәсіби медиаторлар қатысты.

Бүгінде Шымкент қаласында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Этнос өкілдері қаланың әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді. Елімізде өзге этнос өкілдерінің тату-тәтті тіршілік кешуі өзге мемлекеттердің қызыға қарайтын үрдісіне айналуда. Бұл тікелей Елбасы Н.Назарбаевтың кемеңгер саясатының жемісі екені даусыз.

Айта кету керек, қазіргі таңда қаладағы 1 миллионнан астам тұрғын бар болса, оның 67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Сондай-ақ, 17 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде.

Leave a reply