Шымкентте 128 нысанда жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде

0
135

Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлім етті.

– Биыл Шымкентте барлығы 128 нысанда жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы ұзындығы – 253 шақырым. Оның ішінде жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілсе, қайта құру жұмыстары 8 шақырымдық 3 жолда жүргізілуде. Мұнан бөлек қазір 4 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның жалпы ұзындығы – 49 шақырым. Жалпы ұзындығы 138 шақырымды құрайтын 109 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ Е. Жолдасов Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болуына байланысты соңғы жылдары шаһардағы жол инфрақұрылымын дамытуға айрықша назар аударылып отырғанын атап өтті.
– Өткен жылы қалада 25 магистралды көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Соған байланысты кептелістің біршама көбейгені рас. Бірақ, биыл 7 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 2-еуі, атап айтқанда, Республика даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесі өткен жылдан өтпелі нысандар. Оған қоса биыл Б.Момышұлы, Ғ.Иляев, К.Цеткина, Ақназар хан секілді көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы, аяқ жолдар мен ирригациялық жүйелер жаңартылуда. Биыл орташа жөндеу жүргізіліп жатқан осы 7 нысан мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан 4 нысанның жұмыстары толығымен аяқталады, – деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Leave a reply