Шымкенттік имамдар баспаналы болды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент орталық мешітінде өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, республикалық «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен төрт имамға баспана кілтін табыс етті.
Сауапты шара барысында Бас мүфти құттықтау сөз алып, бүгінде асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген, алайда баспанаға мұқтаж мешіт қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс етті. Оның үшеуі қызметтік үй болса, біреу жеке үй ретінде берілді.
Баспана кілтін алғандар қатарында Шымкент қаласы «Айтбай ата» мешітінің азаншысы Ілияс Бекжан, «Атамекен» мешітінің имамы Дәулет Түленов, «Тәжібай ата» мешітінің имамы Еркебұлан Серікбаев және «Үсенбек ата» мешітінің имамы Мұстафа Бауыржанұлы бар.
Айта кетсек, қоныс той шарасында Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров болды.
Еске сала кетейік, республикалық «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен 405, 406, 407 және 412-үй берілді.