Шымкенттік оқушы республика бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді

0
105

Республикалық Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаныма – менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауы болып өтті, деп хабарлайды Аptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырылған байқау қатысушылардың жан-жақты білімін жетілдіруге  сондай-ақ шәкірттердің шығармышылық қабілеттерін арттыруға ықпалы мол.

Байқаудың басты мақсаты – дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету. Байқауға республиканың барлық өңірлерінен 170 оқушы қатысты. Оқушылар арасындағы тартысты бәсекеде ең мықтылары оза шауып, үздік атанды.

Байқау 9 номинация бойынша өтті. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша «Қаратау петроглифтері – жазу өркениетінің басталуы» тақырыбында №58 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қалдыбек Жансұлу республика бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеңімпаз шәкірт I орын алып, I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Айта кетейік, байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.

Leave a reply