Шымкенттік полицейлер шомылу маусымы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

0
106

Жаз мезгілі бастала салысымен қала аумағындағы шомылатын өзен, су жағалауларында демалатын халықтың қарасы көбейеді. Төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, суға кету және жарақаттану жағдайлары жиі кездеседі.

Суға батып кетудің негізгі себептері – қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйінде түсу, сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдыру жағдайларының кесірінен орын алады.

Осыған орай, Шымкент ҚПД Әл-фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ қызметкерлері тұрғындарға «Судағы қауіпсіздік шаралары мен ережелері» туралы толығырақ түсіндірді. Субұрқақта шомылуға болмайтынын айтып, электр қатеріне ұшырау қауіпі бар екенін ескертті. Жас балалардың суда жүзе алмауы, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы – орны толмас қайғы мен өкінішке айналатын кездер көп.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін суда балаларды қараусыз қалдырмауға, тек рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылуға кеңес береді.

Leave a reply