Шымкенттік полицейлер ішкі істер органдарының зейнеткерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтады
Жиырма үшінші маусым – Қазақстан полициясы күніне орай, Шымкент қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Өмірбек Бекбердиев, Әл-Фараби АПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Қуаныш Жүнісов және тергеуші Сейтжан Тутеев ішкі істер органдарының зейнеткері Бахтияр Балабековтың үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты.
Бахтияр Балабеков ішкі істер органдарында жиырма жеті жыл қызмет атқарған. Өз жұмысын 1990-2000 жылдар аралығында Жетісай АПБ-ның қатардағы тергеуші лауазымынан бастап түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. Ал 2001 жылмен 2010 жылдар аралығында ОҚО ІІД Тергеу басқармасында түрлі басшылық лауазымдарында жұмыс атқарса, 2011 және 2017 жылдары аралығында Шымкент қаласы ІІБ тергеу және анықтау бөлімдерінің бастығы лауазымын атқарып, екі мың он жетінші жылы зейнетке шыққан.
Тәртіп сақшылары полиция зейнеткеріне арнайы мерекелік сый-сияпаттарын табыстады және жылы лебіздерін жеткізді.
Өз кезегінде, Бахтияр Балабековте полицейлердің еңбектеріне табыс тілеп, ыстық ықыласпен шығарып салды.