Шымкенттік спортшылардың жыл басынан бері жеткен жетістіктері
Жыл басынан бері Шымкенттік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубогтары мен біріншіліктерге қатысып 315 алтын, 239 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпионатары мен кубогтарында қала спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медальге ие болды.
5 айда 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 64 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 102 – спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Ал әр төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық Ойындарында жастарымыз спорттың 36 түрінен бақтарын сынап, бүгінде Шымкент қаласының құрама командасы 663 ұпаймен жалпы командалық есепте 2-орында келеді.1-ші және 3-ші орында Алматы қаласы мен Алматы облысы келеді.Жарыстың қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айында анықталады.
Сондай-ақ, биыл айтулы шаралардың бірі – ХХХІІ-ші Жазғы Олимпиада Ойындары ағымдағы жылдың 23 шілде – 8 тамыз аралығында Токио қаласында өтеді. Әлем көз тігіп отырған үлкен додаға Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы сапына енген спортшыларымыз қызу дайындық үстінде.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының спортшылары Жазғы Олимпиада Ойындарына 9 жолдаманы жеңіп алды. Атап айтар болсақ: оқ ату спорт түрінен -Юрий Юрков, стенд атудан- Сарсенкүл Рысбекова, Зоя Кравченко, каратэден Дархан Асадилов, күні кеше жеңіске жеткен – Данияр Юлдашев,бокстан- Закир Сафиуллин,байдарка және каноэ есуден (К-2) Емельянов Тимофей және Емельянов Сергей, көркем гимнастикадан Алина Адилханова.
Алдағы уақытта дзюдодан- Галбадрах Отгонцэцэг, Нышанбаева Севара, каратэден Берульцева Софья, батуттық гимнастика Алиев Пирмаммадтарға үміт артылып отыр.