Thursday, November 21

Шымкенттік тергеушілер ішкі істер органдарының ардагерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтады

0
125

Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері зейнеткер полиция полковнигі Орынбасар Кабиштаевті Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

1989 жылдан 2018 жылға дейін Ішкі істер министрлігінің және ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің түрлі жедел-тергеу және басқарушылық лауазымдарында қызмет атқарған Орынбасар Абдукаримұлының еңбек жолы жас тәртіп сақшылары үшін үлгі өнеге. Ол 1964 жылы Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. А.Букетов атындағы Қарағанды ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қиын да жауапты қызметте көргені мен көкейге түйгені мол ішкі істер саласының үздік қызметкері бүгінде 57 жаста.

Орынбасар Абдукаримұлы 2018 жылдың 10 желтоқсанынан бастап ҚР «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің шешімімен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы болып тағайындалған.
Құқық қорғау саласында абыройлы еңбек еткен заңғар тұлғаның ізін басқан шәкірттері оның шаңырағына барып, мерекемен арнайы құттықтап қайтты.

Бүгінгі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған азамат Шымкент қаласы Полиция департаментінің тарапынан атқарылып жатқан қарқынды жұмыстардың барысына тоқталып, тәртіп сақшыларының халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, кері байланыстың артқандығы жөнінде оң пікірімен бөлісті.

Leave a reply