Шымкенттің диодты жарық шамдарына сұраныс артқан
Бүгінде көше бойында орнатылған шамдар Шымкенттен шығарылуда. Бұл деген Шымшаһарда отандық өнімге деген сұраныстың артып келе жатқанының көрінісі. Тіпті, тұрмысқа қажетті қарапайым заттардан бастап, тұтынатын тауардың түр-түрі шығады.
«Казтехникас» зауыты Шымкентте алғашқылардың бірі болып диодты жарық шамдар шығаруды қолға алған. Тассай индустриалды аймағында орналасқан өндіріс ошағының аумағы 1,5 га. 2015 жылы құрылып, күні бүгінге дейін қарқынды жұмыс істеп келеді. Аталған кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 70 мың шам шығаруға қауқарлы. Қазір мұнда 40-аса қызмет жұмыспен қамтылған.
Жобаның жалпы құны – 500 млн. теңге. Қажетті қаражат көзі кәсіпорынның өз есебінен жұмсалған. Бүгінде «КазТехникас» ЖШС жұмыстың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда жарықтандыру және энергия үнемдеу бағытындағы тиімділігін көрсеткен соңғы үлгідегі заманауи технология қолданылады.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте тұрғындар тарапынан отандық өнімге деген сұраныс жоғары. Әсіресе, сапасы мен бағасы қолжетімді болғандықтан тұтынушылардың қатары күн санап артуда.