Шымкенттің стратегиялық дамуы бойынша 5 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

0
134

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаланың стратегиялық дамуы аясында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді.
Мақсұт Пернебайұлы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қалалық орта сапасы және бақылау, дене шынықтыру және спорт, еңбек инспекциясы, туризм және сыртқы байланыстар және цифрландыру басқармаларының бес айдағы негізгі жұмыстарын қорытындылады.

Брифингте қала әкімінің орынбасары алдымен жол-көлік саласына тоқталып өтті. Оның мәлімдеуінше, қала бойынша 79 маршруттың 57-і немесе 73%-ы кешенді схемаға сәйкес келеді.
«Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі іске қосылғаннан бүгінге дейін 26,8 млн. транзакция жасалып, 22,7 млн теңгеге, яғни 80%-дан астам картамен төлем жасалған. Шаһарда жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін автобустарды онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін «I-kolik» мобильдік қосымшасы пайдалануға берілді.

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3 247,6 шақырым. Биыл қалада 168 нысанға – 295,3 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 155 нысан – 248,8 шақырым пайдалануға беріледі.
– Ішкі орам және шалғайдағы елдімекендердегі көшелерге зерделеу нәтижесі көрсеткендей, топырақ жабындысы бар 172 шақырым көше анықталды. Биыл 153 шақырым топырақ көшелерге тас төселеді. Қазіргі таңда 40 % жұмыстар атқарылды. Ең үлкен құрылыс нысандарының қатарында – Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автомагистралының 1,2,4-кезеңдері бар. Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары биыл 65 көшеде (49,0 шақырым) жүргізілуде. Бұл жұмыстарды биыл толығымен аяқтап, қыркүйек айында пайдалануға тапсырамыз, – деді қала әкімінің орынбасары.

Мақсұт Исахов орташа жөндеу жұмыстарының барысын атап өтті. Биыл 146 нысанда (173,3 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жыл қорытындысы бойынша бұл жұмыстар толығымен аяқталады. Атап айтқанда, 7 магистралды көше, 69 ішкі орам көше, шалғай елдімекендердегі 62 көше, 8 оң жақ өткелдер нысаны. Жолдардың 50 %-ға жуығы шалғай елдімекендерде орналасқан. Жұмыстарды қазан айына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда.

Leave a reply