Шымкент: жолайрық құрылысының жұмысы қарқынды
Шымкент қаласында Рысқұлов Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы аталған нысанға барып, бақылау жұмыстарын жүргізіп қайтты, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда аталып отырған нысанда су 1,92 шақырым, газ құбырларының (1,82 шақырым), электр (1,2 шақырым) және байланыс сымдарының (0,6 шақырым) орнын ауыстыру, тіреу қабырғаларын құю (600 м), уақытша электр бағаналарын орнату жеті дана, жер ( 95 000 м3) және тағы да басқа, жұмыстары орындалды.
Маусым айында жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысына ашу биыл қыркүйек айының 1-не дейін жоспарлануд. Ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін бірінші қарашаға дейін ашу жоспарланып отыр.
Жалпы айтқанда Рысқұлов Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысының жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.