Шымкент: жұмыскерлерден арыз-шағымдар қабылданып, тиісті жауаптар берілуде
Шымкент қаласында жыл басынан бері жұмыскерлерден 488 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілген. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 76 тексеру жүргізіліп, 89 заңбұзушылық анықталып, 46 нұсқама берілген. Тексеру нәтижелерімен 4,1 млн.теңге көлемінде 23 әкімшілік айыппұл салынып, 20 қозғалған әкімшілік іс бойынша 2,7млн. теңге айыппұл өндірілген.
Жалақы қарыздары бойынша 5 кәсіпорында 90 жұмыскерге 15 млн. теңге жалақы қарызы бар.Олар: «SAUDAINVEST» ЖШС – 5 жұмыскерге 0,5 млн. теңге, «Euromed Center» ЖШС – 14 жұмыскерге 1,5 млн.теңге, «Heart Clinic» ЖШС – 4 жұмыскерге 0,3 млн.теңге, «Дархан Group» ЖШС – 1 жұмыскерге 0,24 млн.теңге, «Yerkan Construction» ЖШС – 66 жұмыскерге 12,5 млн. теңге.
Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 33 кәсіпорындағы 1959 жұмыскердің 151,2 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздарын төлеткізіп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғаған.
Сондай-ақ, жыл басынан бері12 жазатайым оқиға орын алған, оның ішінде топтық жазатайым жағдайлар – 5. Жалпы 19адам зардап шеккен, оның ішінде ауыр жарақат алғаны – 11 адам,жеңіл жарақат алғаны –7 адам, қайтыс болғаны – 1адам.
Орын алған жазатайым оқиғалар бойынша, арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, полиция департаменті мен басқармаларға жолданған.
Жақында менің кураторлығыма қосылған басқармалардың бірі – қаланың орта сапасы және бақылау басқармасының жұмысына тоқталсам:
Басқарманың бастамасымен 5 айда – жалпы 36 талап-арыздар мен хаттамалар азаматтық іс сот қарауына жолданып, жыл басынан бері 8 ғимарат бұзылған, соның 6нысаны соттың шешімімен мәжбүрлеп бұзылған болса 2 нысан меншік иелерімен өз бетінше бұзылды.
Басқарма тарапынан ағымдағы жылдың 5 айында – 53 -әкімшілік іс қаралып, 22,2 млн. теңге айыппұл салынған.
Сондай-ақ, жұмыстарын өз деңгейінде атқармағаны үшін, 12 техникалық қадағалаушы және 2 авторлық қадағалаушы сарапшыларға жалпы: 2520 АЕК (7 355 840 теңге) айыппұл салынып, аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.
Сондай-ақ, қазіргі таңда басқарма тұрғын үй қорын күтіп ұстау және сақтау бойынша – 83 –мүлік иелерінің бірлестігін құрып, 294 жай серіктестік құру бойынша келісім хаттамаларын жасасты.