Шымкент: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер кабылдануда
«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдануда.
Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурсқа еңбек адамдары, сондай-ақ спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері қатыса алады.
Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады. Сондай-ақ байқауға қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2021 жылғы 15 маусымға дейін келесі мекен-жайларда қабылданады:
Абай ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №3.
Байланыс: +7 (7252) 53-03-20;
Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, №49. Байланыс +7 (7252) 54-04-92;
Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, №49.
Байланыс +7 (7252) 53-27-42;
Қаратау ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, №60. Байланыс 8 (7252) 77-45-96.
Қосымша ақпарат байланыс номері:
+7 771 859 48 43 (Whatsapp + 7 771 859 48 43)
Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы! жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Айта кетейік, осы мақсатта 2013 жылы Елбасы жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын.