Шымкент: сала басшысы бағыты өзгерген қоғамдық көліктер жөнінде айтты
Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов кезекті рет @akimat.shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде тұрғындардың сауалына жауап берді. Эфирде маңызды болып отырған қоғамдық көліктердің өзгерген бағыттары туралы толығырақ баяндалды.
Мәселен, №17 маршрут «Тұран ш.а – Автонұр базары» аралығында қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7, ал демалыс күндері 5 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 19мин, демалыс күндері – 26мин. Автобус Тұран ш/а тұрғындарын Байдібек би даңғылы арқылы «Гиперхаус» сауда үйіне, Байтұрсынов көшесі арқылы қала орталығына, Республика даңғылы арқылы Автонұр базарына тасымалдайды. Аталған маршрутқа келіп түсетін шағымдардың көпшілігі Тұран ш/а тұрғындарының тағы бір маршрут сұрауының себебі автобус ішінде адам тығыздығы өте жоғары екен. Басқарма тарапынан тексеріс нәтижесі бойынша адам тығыздығы жұмысқа баратын және қайтатың уақытта жоғары болды. Нәтижесінде, алдағы уақыта Тұран ш/а құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң басқарма тарапынан тағы бір автобус қарастыру көзделуде.
№21 маршрут «Құрсай ш/а – Айқап ш/а» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс күндері 10 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 12мин, демалыс күндері – 15мин. Халықтың көпшілігі №21 маршрут бойынша шағымында адам жиілігінің жоғарылығы айтылды. Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта автобус санын көбейту жоспарда бар.
№34 маршрут «Қазғұрт ш/а – К.Цеткина к-сі» бойынша қызмет көрсетеді. «Бек-Сервис» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7, ал демалыс күндері 6 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 12мин, демалыс күндері – 15мин. Айта кету керек, халық шағымдарының көпшілігі бұл маршруттың ескілігіне, кондиционердің жоқтығына шағымданады. Бұл маршрут бойынша FAZ, VECTOR, JAC автобустары қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта аталған автобустарды жаңа, кең сиымдылығы үлкен, табиғи отынмен жүретін автобустарға ауыстыру жоспарлануда.
№171 маршрут «Бозарық саяжай – Военкомат» аралығы бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС-іне тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 26мин, демалыс күндері – 32мин құрайды.
№171А маршрут «Бозарық ш/а – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 26мин, демалыс күндері – 32 мин құрайды.
Айта өтсек, былтыр сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды, бүгінгі танда 300 жаңа автобус қаланың орталық негізгі 27 маршрутында қызмет көрсетуде. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету мақсатында қосымша газ станциясы ашылды.