Шымкент сити шағынауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүруде
Еліміздегі үшінші мегаполисте халық саны артуымен тұрғын үй қажеттілігі де артқан. Осыған орай Шымкент сити шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Жұмыс барысымен әкімдіктің арнайы топ өкілдері танысып қайтты.
Атап айтқанда, шағын аудандағы 4-орамда кеңсе орын-жайлары мен жерасты паркингі бар, тоғыз қабатты 3 тұрғын үйден тұратын «Shymkent Green City» тұрғын үй кешені салынып жатыр.
Тапсырыс беруші “Shymkent” ӘКК” АҚ. Серіктес мекеме – «Элит Строй и Company» ЖШС-ы.
Үйлердің жалпы ауданы 29 765 шаршы метр. 1,2,3,4 бөлмелі пәтерлер бар. Аумағы 39-116 шаршы метр аралығында болмақ.
Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, кредиттік 364 пәтер кілті пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ Шымкент сити шағынауданында “Дамдес отау” тұрғын үй кешені бой көтеруде.
Мұнда он қабатты №1,6,7,8,9,10 тұрғын үй салынуда. Үйлерге тапсырыс беруші – “Shymkent” ӘКК”. 1,2,3 бөлмелі 420 пәтер бар. Ауданы 49-84 шаршы метр аралығында.
Жалпы 29 622 шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Құрылыс жұмыстарының барысын көрген әкімдіктің арнайы топ өкілдері құрылыс қарқынын түсіріп алмай, жоспарға сәйкес сапалы үйлер салу қажеттігін айтты.