Шымкент: Тіл туралы заң талаптарының сақталуы – басты назарда

0
163

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасы Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуы бойынша құрылған мониторингтік топтың жоспарына сәйкес аудан аумағындағы «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысандар, мемлекеттік органдарға әдістемелік сипаттағы түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мониторинг топтың негізгі міндеті – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізу болып табылады.

Жүргізілген жұмыстар барысында бірқатар ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтін көрнекі ақпарат мәтіндері анықталды.

Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты тіл туралы заңның талаптарына сәйкес келмейтін жарнама мен көрнекі ақпаратты көзіңіз шалса, фейсбук немесе инстаграмм желісіне #сауатсызжарнама хештегімен орналастыруды сұрайды.

Leave a reply