Шымкент тұрғыны өз ағасын өлтіріп, мәйітін жасырған

0
143

Шымкент полицейлері осыдан екі жыл бұрын орын алған кісі өлтіру оқиғасын ашты. Бұл туралы Infonews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылы Еңбекші ауданының полиция бөліміне 32 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын хабарласқан. Әйел ұлының екі апта бұрын үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері кешенді шаралар қабылдады. Тәртіп сақшылары оның отбасы мүшелерінен, көршілерінен, достарынан сұхбат алып, жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Ер адамның сыртқы келбетін сипаттайтын бағдарлар қалалық ішкі істер басқармасының барлық бөлімшелеріне, сондай-ақ еліміздің барлық облыстарындағы полиция бөлімдеріне жолданды.

“Екі жыл бойы іздестіру жұмыстары нәтижесіз болғанымен, биылғы жылдың басында жедел қызметкерлер осы дерек бойынша ілмек таба алды. Кездейсоқ куәгердің жауабына сәйкес, азаматтың жоғалып кетуіне інісінің қатысы бар болған. Қабылданған шаралар нәтижесінде отбасылық жанжал барысында ол туысын басынан арматурамен бірнеше рет ұрып өлтіргені анықталды. Бұл іске ол өгей ағасының мас күйінде анасымен жанжалдасқаны итермелеген. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін қаскүнем мәйітті сырттағы дәретханаға тастап, шұңқырды бетонмен толтырып, үстіне шағын сарай тұрғызған. Күдікті қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Leave a reply