Шымкент: Басқарма басшысы Достық мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті

0
114

Бүгін Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков Достық мөлтек ауданы Айлы кеш көшесінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мөлтек аудан тұрғындары @akimat_shymkent парақшасында басқарма басшысының қатысуымен өткізілген тікелей эфир барысында инфрақұрылым бойынша шағымданған болатын. Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында басқарма басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап берді.

«Достық мөлтек ауданы Айлы кеш көшесін сапасыл ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Бес қара»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың қараша айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су беріліп, бұл мәселе шешілетін болады», – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, аталған мекен-жайды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 2022 пайдалануға беру жоспарланған. Кездесу барысында жергілікті тұрғындарға арнайы жоспар туралы толық мәлімдеме беріліп, халық тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілді.

Leave a reply