Шымкент қаласының әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралады

0
153
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар тұрғын үй, инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкенттің мерейі асып, республикалық маңызы бар мегаполис мәртебесін алғанына биыл 3-ші жыл. Осы уақыт аралығында қалада құрылыс қарқыны тоқтаған емес. Жол жөнделіп, тұрғын үйлер бой көтеруде. Ескісінің қасбеті жаңа кейіпке еніп, Шымкенттің шырайын арттыра түсуде. Жұмыс қарқынын үдете түскен шаһарда әлі де жүзеге асырылатын жобалар көп. Шаһар әкімі кезекті рет құрылыс нысандарын аралауды алдымен Әкімшілік- іскерлік орталығы Арғынбеков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің (№1, №2, №3, №4 тұрғын үйлер) құрылыс барысынан бастады.
 Мұнда №2 және №3 үйдің құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС, №1 және №4 үйдің құрылысын «Орион ЛТД» ЖШС жүргізіп жатыр.
Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Мердігер мекеме төрт үйді де биыл аяқтауды жоспарлауда. Атап айтқанда, №3 үй маусым, №2 үй шілде, ал №1 және №4 үй қараша айында тапсырылады. Пәтерлердің жалпы ауданы – 14 074,0 шаршы метр.
Сондай-ақ, қала әкімі Арғынбеков көшесі үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымының құрылысын да пысықтады. Мердігер мекеме «Ынтымак Бес-Арыс» ЖШС құрылысты тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге, мұндағы жылу жүйесі – 0,629, су жүйесі – 0,363, кәріз жүйесі – 0,194 және байланыс желісі – 1,627 шақырымды құрайды.

Leave a reply