Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов атқарылған жұмыстар бойынша брифинг берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов атқарылған жұмыстар бойынша брифинг бермек. Баспасөз мәслихатында туризм саласындағы іске асқан жобалар туралы баяндалады.
Бүкіл әлемді әбігерге салған пандемиялық ахуал Шымкент қаласының туризм саласына да өз әсерін берді. Статистикалық көрсеткіштерге көз жүгіртсек. Қаламызға келуші туристердің санын 2020 жылы – 130% өсіру жоспарланған. Алайда, әлемде орын алған жағдайға байланысты туристердің саны біршама азайып, көрсеткіш – 85 пайызға орындалған. Ал биылғы жылдың 3 айында қалаға келушілер саны 71 156 адамды құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (47 741 адам) 149,1%-ға ұлғайған.
– ішкі туризм бойынша келушілер саны 69 733 адам, өткен жылмен салыстырғанда (43 217 адам) 161,3%-ға артып отыр.
– кіру туризмі бойынша келушілер саны 1 423 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4 524 адам) 31,5%-ды құрады.
Статистикалық ақпаратқа сәйкес 2021 жылдың 3 айы бойынша орналастыру орындарында 99 756 төсек-тәулік ұсынылып, 2020 жылмен салыстырғанда (82 538) 120,9%-ға артып отыр.
Төсек-орын (бір жолғы сыйымдылық) саны – 4 889 бірлікті құрап, 2020 жылмен салыстырғанда (4 385 бірлік) 111,5%-ға артып отыр.
Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2021 жылдың 3 айында 1 281 411,5 мың теңгені құрап, 2020 жылмен (864 037,2 мың теңге) салыстырғанда 148,3%- ға өскен.