ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 50 КӨШЕГЕ QR КОДЫ БАР ТАҚТАЙШАЛАР ОРНАТЫЛДЫ

0
153
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 50 көшеге QR-коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Әл-фараби ауданындағы Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Көркем (Забадам), Химфарм, Самал-2, Түркістан (Бам) шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінуде.
QR-коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары ағымдағы жылы өткізілетін «Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі ілулі тұрған тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.
Жалпы Цифрлы Қазақстан жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйге және 75 көшеге QR код және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылды.

Leave a reply