Шымкент әкімі магистралды суаққылардың құрылыс алаңына барды

0
161

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инженерлік-инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын аралап көрді.

Қала әкімі «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан «Тұран» шағынауданы айналма жолына дейінгі 3 магистралды суаққының құрылыс алаңына барды. Тұран шағынауданында «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым су тартқышының 2 желісін салу жұмыстары жүргізілуде.

Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр. Су құбырларының ұзындығы – 11,378 шақырым. Бүгінге дейін 6,262 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.
Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл қалада 582 шақырым болатын кәріз құбыры тартылуда. Құрылысы жүргізіліп жатқан он тоғыз нысанның 5-і биылғы жылы пайдалануға беріліп, 18 мың халық тұратын тұрғын үй алаптары кәрізге қосылады. Осылайша, сарқынды су жүйесіне қосылу көрсеткіші 52 пайыздан 54 пайызға артады. Жалпы 2025 жылға дейін қала тұрғындарын кәріз жүйесіне қосу көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Leave a reply