ШӨЛДІ АЙМАҚТАҒЫ ОАЗИС
«Жалпы, әлемдегі ахуалдың күрделі екенін көріп отырсыздар. Барша адамзат түрлі сын-қатермен бетпе-бет келуде. Көптеген ел табиғи апатты, электр қуаты мен азық-түлік тапшылығын бастан өткеруде. Мамандардың айтуынша, биылғы шілде әлем тарихындағы ең ыстық ай болды. Көптеген елде инфляция өршіп, қымбатшылық болып жатыр. Мемлекеттер арасында түрлі текетірес, қарулы қақтығыс белең алды. Босқындардың саны 110 миллионнан асты. Мұның бәрі Қазақстанға да салқынын тигізеді. Бірақ біз жаһандық дүрбелең дәуірінде өз бағдарымыздан адаспаймыз. Әрине, даму жолымыз әрдайым теп-тегіс, даңғыл болмайды. Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы заман талабына сай болуға тиіс. Жалпы, халқымыз осындай дағдарыс кезінде біртұтас болуы керек. Басқа жол жоқ», – деді Президент.
Түркістан өңірі шөлді аймаққа жатқанымен су көздерін тиімді пайдалана отырып аз уақытта ғана әсем бақтары баураған оазиске айналып үлгерді.
Ағаштардың қаламызды жерсініп, алып кетуі, жалпы нәтижесі бойынша проблема жоқ емес. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қала аумағында егіліп жатқан талдар көбіне «Елдар қарағайы», қара ағаш, терек, тұт ағашы, жиде талдары. Осы ағаштар Түркістан топырағын жерсініп, тез алып кетіп жатыр. Жерсінбейтіні көбіне декоративті ағаштар. Қаланы көріктендіру мақсатында декоратив ағаштар: шыршалар, қайыңдар егілген. Бірақ олардың жерсінуі қиын болып тұрғанын жасырмайды мамандар. Бұл бойынша арнайы мамандар: агрономдар, ботаник-ғалымдар жұмыс жасап жатыр. Келісімшарт бойынша мердігер мекеме үш жылға дейін ағаштарды өсіріп, күтіп-баптауға кепілдік береді. Сол 3 жылдың ішінде қураған ағаштарды қайта егіп, қалпына келтіруге мердігер тарап міндеттенеді. Қураған ағаштардың орнына қайтадан егуге мемлекет қайта қаржы бөлмейді. Шарттағы міндеттемеге сәйкес шығынды өтеп, қалпына келтіреді, орындамаған жағдайда шығындарды сот арқылы мемлекетке қайтарылады. Ондай жағдайлар да болды. Жалпы, осыған дейін егілген талдардың өнімділігі – 60 пайыз. Алдағы уақытта оны 70-75 пайызға жеткізу көзделуде.
Жалпы, Түркістан шөлді аймақ белдеуіне жатады, көгалдандыру біршама күрделі жұмыс. Ағаштардың жерсінуі, көгалдандыруда нәтижеге жетуі үшін жергілікті жердегі тұқымбақтарға ден қойылып келеді. Мұнымен «Жасыл аймақ» ЖШС айналысады. Биылғы жыл осы «Жасыл аймақтың» және ХҚТУ ботаникалық бағының тұқымбағынан көшеттер алып отырғызды. Одан бөлек жаңа 3 га жерге тұқымбағы құрылды. Әзірге сынама ретінде құрылды, 3 жылдан кейін нәтижесі белгілі болады. Егер нәтижелі болса, алдағы уақытта осы тұқымбақтың көлемін ұлғайтып, дамыту жоспары қарастырылып отыр.