Ынтымақ пен бірлік кемел келешек кепілі.

0
149

Түркістан қаласы – оңтүстік өңірдегі халық ең тығыз қоныстанған шаһардың бірі болып табылады. Облыс орталығында қазіргі таңда 220 мыңнан астам халық, 50 ден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Қала аумағында басым бөлігі яғни 145641 қазақтар болса, 68340 өзбек ұлты, орыс саны 1603 құраса, әзірбайжандар 1566, татарлар 1056, түріктер 707 құрайды. Қалғаны басқа этнос өкілдері.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында «Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі» деген болатын.

Leave a reply