ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

0
118
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті болып келді. Осы кезге дейін ауданның тұрғындары ауыз суды сатып алып, тұтынды. Бұл  ауыз су мәселесі биыл шешімін табатын болады деп жоспарлануда.
Абай ауданындағы Ынтымақ-2 шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Ұзындығы 136,7 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту жұмыстарының бүгінде 90 % аяқталған. Жоба құны – 1 119,6 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 2689 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы электр мәселесі де биыл шешіледі. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

Leave a reply