ЭКОБАЗАР – ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОЛ
“AMANAT” партиясының “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір сүру “атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес , Түркістан облысы, БҚ Түркістан қаласына қарасты ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сыйымдылығы 2520 тонна Эко базар ашылып пайдалануға берілді.
Түркістан жұртшылығы мен қонақтары үшін Қазақстанда теңдесі жоқ Экобазар ашылып, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылды. Экобазар – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Және өндірушілердің өнімдерін делдалсыз тікелей сату жүйесін қалыптастырады. Сонымен бірге, экобазар – туризмді дамытуға бағытталған жол. Өйткені автовокзал жанында, халықаралық әуежайға барар жолда орналасқан сауда кешенінде Түркістан өңірінің барлық өнімдері ұсынылады.
Мерекелік жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндірушінің 411 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері базар нарқынан 15-20 %-ға төмен бағада ұсынылды. Атап айтсақ, 55 тонна ет пен ет өнімдері, 148 тонна көкөніс және өзге де тауарлар әкелінген.