Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет
Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашты. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында да жан-жақты қамтылып, жарқын болашақ құрудағы жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды.
«Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды.Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса мән беру керек. Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн. Нақты бір саладағы саясатқа «ұжымдасқан кабинет» емес, нақты бір министр жауап беруге тиіс.Үкімет салааралық мәселелерді шешумен шұғылдануы қажет. Премьер-Министр Кеңсесін мемлекеттік басқару ісінің үздік стандарттарына сай келетін, ықшамды Үкімет аппараты ретінде қайта құру осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ. Басты мақсат – оның атауын өзгерту емес, нақты реформа жасау. Біз орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуіміз керек. Бұл тәсіл қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді.Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуға тиіс. Үкімет Агенттікпен бірлесіп бүкіл әлемдегі азаматтарымыздың әлеуетін жұмылдыру үшін арнайы платформаны іске қосуы керек.Квазимемлекеттік сектордағы басқару ісінің тиімділігін арттыруға айрықша назар аударған жөн. Бұл бағытта нақты жұмыс атқарыла бастады. Соны аяғына дейін жеткізу керек. Ол үшін «Самұрық-Қазына» қорының жаңа жұмыс үлгісін түпкілікті айқындап алу қажет.
Әлемдегі ең үздік инвестициялық және өндірістік компанияларды үлгі ретінде алу керек. Мемлекеттік активтерді басқару ісі барынша ашық болуға тиіс. Үкімет жыл сайын Ұлттық баяндама әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны Парламентке жолдайды», деді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз», дей келе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ», деп нақты айтты.
Сондай-ақ жалпыхалықтық референдумда ортақ қабылданған конституциялық өзгерістер әділетті Қазақстанның символына айналатынын жеткізді. «Біз Ата Заңымызда «жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі» деген басты қағидатты бекіттік. Бұл құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», деді Президент.
Мемлекет басшысы әділетті қоғам орнатудың басты бағдары ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мәселесіне айрықша тоқталды. «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс», деп атап өтті. Шындығында елдің тұрмыстық жағдайы түзелмей, өзге салада жетістікке жетуіміз неғайбіл.
Экономика саласында қордаланған түйткілдер баршылық, еліміздің әлі күнге шикізатқа тәуелді болып отырғаны, еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз екені жасырын емес. Ұлттық табыстың игілігін елдің бәрі бірдей көруі үшін оның нақты жолдарын қарастыру қажеттігі анық. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру кезек күттірмейтін заман талабы.
Өркениетті, дамыған елдер экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі басым. Көптен бері айтылғанмен, елімізде бұл салада олқылық аз емес. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау тапсырмасының екі жылдан бері орындалмай келе жатқанына қынжылыс білдірді.
«Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», деген Президент жаңа экономикалық саясаттың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру екенін алға тартты.
Жолдау барысында ауылшаруашылық мақсатындағы жерді пайдалану жайына арнайы тоқталған Қасым-Жомарт Кемелұлы игерілмей жатқан жердің 2,9 млн гектарға жуығы мемлекетке қайтарылғанына, жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отырғанын жеткізді. Осындай қараусыз, күтімсіз бос жатқан жерлер егіннің, малдың жайын білетін шаруаға тисе, бұл да өз кезегінде қарапайым шаруаның еңбек етіп, тұрмысы түзелуіне оң әсер етер еді.
Қаңтар қасіреті елімізде, жалпы қоғам өмірінде, атап айтқанда экономикалық-саяси, әлеуметтік-рухани салаларда түбегейлі реформалар қажет екенін ашық көрсетті. Ел Тәуелсіздігіне қатер төндірген бұл жағдайдан әрқайсымыз сабақ алуымыз керек.
Қаңтардағы қатерлі күндерде ел мүддесін басты орынға қойған Мемлекет басшысы жедел шешімдер қабылдап, саяси ерік-жігерінің арқасында жағдайды тұрақтандыра білді. Президент: «Біз кез келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді. Бізге ел бірлігі ауадай қажет», деп атап өтті.
Президент қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетіп, бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады. Алайда Мемлекет басшысы лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайтынын қатаң ескертті.
Жолдауда Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан құрудың жаңа міндеттеріне тоқталып, халықты ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырды.
Шынында, өз тарихында аз теперіш көрмеген халқымыз бүгінгі Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсінуі керек. Қазақ қоғамында мұндай жағдай қайтып орын алмауға тиіс.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарынан құрылған арнайы сарапшылар Қаңтар оқиғасының себеп-салдарына үңіліп, қоғамдағы түйткілді мәселелерге ғылыми-талдаулар мен арнайы әлеуметтік мониторинг жүргізуде. Эксперттеріміз құқықтық бағалау, модельдеу жұмыстарын жүргізіп, идеологиялық сипаттағы іс-шараларды өткізудің әдістері мен технологияларын, әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың әдістемелік нұсқауларын, алгоритмдерін қарастыруда.
Осы мәселелерді жан-жақты талқылау мақсатында әр саланың білікті мамандарының қатысуымен университеттің Ютуб каналынан апта сайын қазақ, орыс тілдерінде «Ойталқы», «Мозговой штурм» бағдарламалары іске қосылды.
Әрине, ел дамуындағы айрықша бетбұрыстар әр салада жаңа, креативті шешімдер қабылдауды қажет етеді. Кез келген реформаны іске асырудың кілті ғылым мен білімде екені сөзсіз. Сондықтан өркениетке ұмтылған жаңа Қазақстанның кескін-келбетін білімді жастар мен еңбекқор мамандар жасайтыны анық. Бұл орайда, Жолдау жоғары білім беру жүйесіне жаңаша талаптар мен жауапты міндеттер жүктеп отырғанын түсінеміз. Мемлекет басшысы отандық жоғары оқу орындарының сапасын арттыруды, білім беру гранттарын ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты саралауды тапсырды. Сондай-ақ барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес екенін жеткізді. «Жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім беру экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс. Мақсатты капиталдың мұндай қорлары әлемдегі озық университеттерде ғылымды және инновацияны қаржыландырудың өзегі саналады», деді Президент.
Шын мәнінде, университеттер бүгінгі таңда ғылыми-техникалық әлеуетін арттырып, экономикалық және әлеуметтік үрдістерді дамытудың қозғаушы күші рөлін атқаруда. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жоғары білім ордалары ғылыми-зерттеу университеті дәрежесіне өту арқылы бірінші кезекте ғылымды дамытуда мол мүмкіндіктерге ие болады.
Қазіргі кезеңде қазақстандық жоғары оқу орындарының алдында отандық ғылыми-зерттеу нәтижелерінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларды коммерцияландыру және экономикаға енгізу мақсаты тұр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің ең ірі ғылыми және білім беру орталығы. Біздің терең тарихымыз, оқытушылар мен ғалымдарымыздың ғылыми әлеуеті, білім алушы жастарымыздың біліктілігі – университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің негізі.
2022 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ғылыми-зерттеу университеті мәртебесі берілді. Білім ордасын зерттеу университетіне айналдыру тек қаржылық инвестицияны ғана емес, сонымен қатар дұрыс басқару стратегиясын қажет ететін күрделі жұмыс. Біз қазақстандық және халықаралық
«Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек.Судьялардың дербестігін арттыру үшін Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін нығайтқан дұрыс. Судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру жұмысы Кеңестің құзыретіне беріледі. Сондай-ақ, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату мәселесімен де осы мекеме айналысады. Бұл мемлекеттік орган нақты кадрлық функциялары бар, толыққанды институтқа айналуы керек. Кадрларды іріктеуден бастап, барлық деңгейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруге дейінгі бүкіл міндет соларға жүктеледі.Күштік құрылымдар сотқа ықпал етпеуге тиіс. Бұл – өте маңызды. Судьяларға әкімшілік қысым көрсететін амал-тәсілдің бәрі жойылуы керек. Судьялардың қызметіне араласуды шектей отырып, олардың заң бұзғаны үшін жауапкершілігін арттырамыз.Судьяның өрескел қателік жіберген және күшін жойған әрбір сот актісін Қазылар алқасы тексеруге тиіс.Мемлекеттің сот процесіне қатысуын азайтқан жөн. Мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларын да ретке келтіретін кез келді. Егер екі министрлік заң нормаларын әртүрлі түсінсе, ондай мәселені Үкімет түпкілікті шешуге тиіс. Дәл осындай тәсілді мемлекеттік органдардың мемлекеттік ұйымдармен арадағы дауларына да қатысты қолдану қажет.Келесі мәселе – құқық қорғау органдарын реформалау туралы. Бұл сала әрдайым қоғамның жіті назарында.«Қасіретті қаңтар» оқиғасы тәртіп сақшылары үшін нағыз сынақ болды. Ол кезде арандатушылардың кесірінен шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оның ақыры мемлекетке қарсы бүлік шығаруға әкеп соқтырды. Жұртты арандатушылардың көбі шартты немесе жеңіл жазамен құтылып кетті. Шын мәнінде, олардың кінәсі әлдеқайда ауыр. Өйткені, жағдайды қасақана ушықтырды. Соның салдарынан іс насырға шауып, қайғылы оқиғалар болды.Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс.Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын.Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді.«Саяси плюрализмге ашықпыз, экстремизмнен, қарақшылық пен бұзақылықтан қашықпыз» деген ортақ қағиданы бүкіл қоғамның есіне салғым келеді.Қасақана арандату басталған жерде, сөз бостандығы мен пікір алуандығы туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Бұл – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, мемлекеттің тұғырын шайқауға әрекеттену деген сөз.Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр.Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтыны түсінікті.Сондай-ақ, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайды.
Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз.Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі. «Қазақстан халқына» қоры да осы игі іске лайықты үлес қоса береді деп ойлаймын.Біз қаңтар оқиғасынан сабақ алып, қоғамдық қауіпсіздікті едәуір күшейту қажеттігін түсіндік.Бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды.Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді мұқият саралап, ондағы қолданылмайтын немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін артық-ауыс нәрсенің бәрінен арылу қажет. Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін оларды қайта-қайта өзгерте бермеу қажет. 2015 жылдан бері Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге 1200-ден астам өзгеріс енгізілген.
Уақытша жағдайларға байланысты немесе аясы тар корпоративті мүдделерге бола заңдарды өзгертуге жол берілмеуге тиіс», деді.