Экс-президент Назарбаевтың көлігі сатылымға шығарылды
Kolesa.kz сайтында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігі сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Infonews.kz.
Көлік 222 миллионға бағаланған. Алайда иесі нақты аламын дейтін адамдармен саудаласатынын жазған.
“Алдарыңызда ҚР Тұңғыш Президентінің эксклюзив, бірінші көлігі Mercedes 600 SEL Президенті (Sonderschutz) GUARD B7. Нағыз антиквариат және елдің бүкіл тарихы! 01 KZ. Германиядағы өндіріске арнайы тапсырыс. Mercedes-Benz W140 S600L Guard 1993 жылғы шығарылым. Басқа көліктерден айырмашылығы – бұл зауыттан шыққан”, – дейді жарнама авторы.
Сондай-ақ, оның сөзінше, осыған ұқсас Mercedes S600 Guard Грузия президенті Эдуард Шеварнадзенің өмірін сақтап қалған екен.
“Оның көлігіне гранататқыштар мен ауыр пулеметтер атылды, бірақ президент зардап шеккен жоқ. Осындай Путиннің көлігі болды, 1.3 миллион еуроға сатылды. Автокөлік Калашников автоматы мен мерген мылтықтарынан атылған оқтарға төтеп бере алады”, – дейді ол.
Көлік иесінің айтуынша, көлік қазір Таразда тұр.
“Салон өте тыныш. …S600 күзетілетін жолаушы үшін өте ыңғайлы. Ал бронь қорғау деңгейін ескере отырып, Mercedes S-Guard зауыттық бронь көліктері неліктен ондаған жыл бойы VIP адамдардың көпшілігінің таңдауы болғанын түсіне бастайсыз. Мұндай көлік қанша тұрса да, өмірдің құны қымбатырақ. Мұндай өмірде бір рет болады, біздің еліміздің бүкіл тарихы. Бағасын білетін адамға! Нақты сатып алатын адамға саудаласуға болады! Варианттар болады”, – дейді ол.