ЭТНОАУЫЛДА «БИЕБАУ» ЭТНО-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

0
129
Шымкент қаласында «Shymqala» этноауылында «Биебау» этно-танымдық шара онлайн форматта өтті деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған шарада қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығы насихатталып, әрі ұмытылуға айналған ұлттық мерекені жарыққа шығару жолдары көрсетіліп, жас ұрпаққа салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы кеңінен таныстырылды.
Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен іс-шара аясында биені сауудағы атқарылатын ғұрыптар,  сондай-ақ қымыз дайындау процесі көрсетілді. «Үкілі» әжелер мен орталық қызметкерлері «Биебау» дәстүрінен көріністер қойды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі, әйелдер арасында «қатын күрес» ойыны, ал балаларға «асық» ойындары, «мешкейлер» сайысы өтті. Үлкендер қымыздан дәм татып, келелі әңгіме айтты. Іс-шара соңы «Алтыбақан» ойын-сауығына ұласты.
Айта кетейік бүгінгі өткен өткен этно-танымдық шараның толық нұсқасын алдағы уақытта «Оңтүстік» телеарнасынан және орталықтың әлеуметтік желі парақшаларынан көре аласыздар.

Leave a reply