«ЯССЫДА» 1200 ЖӘНЕ 900 ОРЫНДЫ ҚҰРАЙТЫН ЕКІ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН

0
184

Түркістан қаласындағы «Яссы» секторында тұрғындармен өткен кездесуде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстар барысын баяндап, жоспарларымен бөлісті. Жалпы жыл басынан бері секторда үш кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде 64 -і орындалды. Сегіз жол мен көлік саласы, он бір инфрақұрылым, 26 абаттандыру мен тазалық мәселесі, алты қоғамдық көлік және он үш басқа да мәселелер бойынша өтініштер мен шағымдар болған. Он бір мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде. Жиырма бес мәселенің заңға сәйкестігі түсіндірілді.

Әкімнің баяндауынша, алдағы жылы «Яссы» секторында 1200 және 900 орынды құрайтын екі мектеп құрылысы жоспарланған. Көпқабатты он бір үйдің тұрғындары табиғи газ пайдалануда. Сегіз үйді газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша көпқабатты үйлерге коксиалды түтін шығатын мұржа орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда бір үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдаудан өтуде. Сектор аумағында екі нысанның құрылысы аяқталып, төрт мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, үш нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша төрт трансформатор орнатылды.

«Яссы» секторында 197,3 шақырым құрайтын 180 көше болса, оның ішінде 46 көшеге асфальт жол, 80 көшеге тас жол, 54 көшеге топырақ жол төселеді.

Ағымдағы жылы 11,9 шақырым құрайтын он екі көше орташа жөндеуден өтті. 28,8 шақырым құрайтын 36 көшеге тас төселді. 6,7 шақырым құрайтын жеті көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Сонымен қатар, І.Қожабаев көшесінде және Қазыбек би – О.Жарылқапов көшелерінің аралығында жол құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Т.Бокин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылуда. Саққорған көшесінде ойын алаңшасы салынды, «Тұран» және «Шатқал» шығармашылық саябағы көгалдандырылды. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

 

Leave a reply