ІРІ ҚАРА ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАРҒА МҮМКІНДІК КӨП

0
51

Қазіргі таңда түркістандық кәсіпкерлер ірі қара малдың басын көбейту және ет өнімдерімен қамтамасыз ету бағыты бойынша ел экономикасына сүелі үлес қосып келе жатыр. Өз кезегінде, мұндай кәсіппен айналысамын деген азаматтарған мемлекет тарапынан көптеген қолдау жасалуда. Осы орайда, Түркістан қаласының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары бойынша ақпаратты ұсынамыз.

Естеріңізде болса, 2020 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі фермерлік шаруашылықтар 95 мың бас малды сатып алу үшін несие ала алатынын мәлім еткен. Бұл тұрғыда министр 2019 жылы фермерлік шаруашылықтар 63 мың бас ірі қара мал сатып алып, нәтижесінде, асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 12 пайызға жеткенін айтқан.

«Жыл басынан бастап 21 мың бас сатып алуға фермерлер қаржыландырылды. Жалпы әкімдіктерге фермерлік шаруашылықтарды ірі қара мал әкелуге қатысты жұмыстарды белсендету керек, соның ішінде дайын инфрақұрылымы бар шаруа қожалықтарын да қарастыру қажет. Былтыр қанатқақты жоба түрінде сатып алынатын малды кепілге қою арқылы қаржыландыру механизмі тәжиребеден өткізілді және аталған тетік биыл кеңінен қолданылатын болады. Басты міндеттердің бірі – сиыр еті өндірісінің тізбегін үздіксіз жүргізу. Республикада 279 мың мал орнына арналған бордақылау алаңдарының желісі және қуаты 240 мың тоннаға ет комбинаты бар. Олардың жүктемелігін арттыру үшін бұқашықтарды тапсыру жоспары қарастырылған. Фермерлерді ынталандыру үшін өнеркәсіптік бордақылау алаңдарына немесе ет комбинаттарына тапсырылған бұқашықтарды тірілей салмағына субсидиялау механизмі қарастырылған. Сонымен қатар, ет комбинаттары және бордақылау алаңдарында экспорттық шарты болған жағдайда, айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру қарастырылған», – деген сол кезде министр.

Сондай-ақ, сол жылдың күзінде Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру саласының операторы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ірі қара малды сақтандыру өнімдерін бекіткен. Өйткені, сол кезге дейін агроөнеркәсіп кешенінде малды мақсатты түрде сақтандыру болмаған. Иесі малын тек мүлік ретінде сақтандыра алатын. Яғни, егер, мал жоғалса немесе көлік қағып кеткен жағдайда ғана сақтандыру төленетін. Ал, жаңа тетіктерге сәйкес, малды аурудан және басқа да қауіп-қатерлерден сақтандыра алатын болды.

«Қазіргі эпизоотиялық жағдай ескеріліп, шетелдік қайта сақтандырушылармен бірге түрлі тәуекелдерді сақтандыру өнімдері әзірленді. Осы өнімдер арқылы фермерлер малды өз шаруашылығының аумағында және 5 км радиустағы көрші шаруашылықтардың аумағындағы аурулар мен басқа да тәуекелдерден сақтандыра алады. Тәуекелдер қатарына инфекциялық және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың зиянды әрекеттері, қауіпті табиғи құбылыстар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар – жарылыс, найзағай түсу, тұншығып өлу, жыртқыш аңдардың шабуылы, жылан немесе жәндіктердің шағуы, түрлі себептермен жарақаттануы және тағы басқалар кіреді», – делінген ол туралы ақпаратта.

Ал, сол кездегі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма мүшесі – басқарушы директоры Асқар Қалиевтың айтуынша, сол сәтте елімізде етті және сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары жүзеге асырылып жатқан.

Leave a reply