ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ШИПАЖАЙЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ ЗОР
Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекетіміздің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі десек, саламатты қоғам қалыптастыруда және дені сау ұрпақ өсіруде шипажайлардың алар орны ерекше. Адам денсаулығын жақсартуда шипажайлардың қасиеті мол, дертке шипа қасиеті бар суының айрықша маңызы бар. Сарыағаш ауданындағы шипажайлардың шипалы суын алыстан іздеп келушілер саны күн сайын артуда. Шипажайға деген халық сұранысының көп болуына шипажайлардың саны жылдан жылға артып келуде.
Осы мақсатта аудан әкімі «Керуен» шипажайының пайдалануға берілген қосымша ғимаратының жұмысымен танысып қайтты.
Айта кетсек, «Керуен» шипайжайының құрылысы жүргізіліп, былтырғы жылы халық игілігіне пайдалануға берілген. Келушілердің саны көп болуына байланысты қосымша ғимараты соғылып, бүгінгі таңда іске қосылған. Шипажай заманауи құралдармен жабдықталған, барлық талапқа сай. Аталған шипажайдың ашылуы негізінде жергілікті тұрғындардың жұмыс мәселесі шешіліп, тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі жолға қойылған.
Сарыағаш ауданына ағымдағы жылдың жартыжылдығында 51 мыңнан аса турист келген. Оларға 53 емдік-сауықтыру шипажайы, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы және 21 қонақүй қызмет көрсетті. Сондай-ақ, туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 600 млн теңге болатын 4 жоба іске асырылып, 85 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.