ІІМ талаптары мен бастамалары талқыланды
Түркістан облысы полиция департаменті жанынан құрылған консультативтік- кеңесші орган (ККО) мүшелері бүгін бас қосып, кеңесші орган төрағасы Мұхтар Ермековтің төрағалығымен ішкі істер органдарындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Жиынға, Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М.Асқаров, профессор, ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты С.Садықов, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев, ПД-нің ресми өкілі Г.Абдужаппарова, Полиция департаменті басқармаларының және 17 қала, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кездесу кезінде ҚР ІІМ Е.Саденовпен белгіленген 2024 жыл кадр сапасын жақсарту жылындағы жоспарлар, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты маңызды талаптар мен нұсқаулар, жас мамандарға арналған ардагерлердің тәжірибе алмасу кездесулері, полиция қызметкерлерін скринингтен өткізу, музей мен ерлік мемориалын салу күн тәртібінен түспейтін бірқатар нақты жұмыстар көтерілді.
ККО мүшелері полиция полковниктері А.Тастанбеков, А.Бурханов, Е.Шамшаттар мінберге шығып, баяндама оқып, ұтымды ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар ККО мүшелері тарапынан жеке құрам арасындағы заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, “Қоғаммен әріптестікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету” тұжырымдамасының 2024-2028 жылдарға арналған құқық қорғау органдары қызметкерлері Әдеп кодексінің негізгі мақсаттары да назардан тыс қалмады.
Жиын соңында ККО төрағасы келесі отырыста бүгінгі көтерілген мәселелердің нәтижесін көрсетіп, алдағы уақытта қаралуды талап ететін жағдайларды ұсыну қажеттілігін ескертті.
Айта кеткен жөн, консультативтік- кеңесші органның жиындары – полиция қызметін жақсарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың сенімі мен полиция қызметкерлерінің беделін нығайту бойынша өз жемісін беретіні айқын.